"Бүгінгі оқушы-ертеңгі студент" тақырыбында саяхаттау
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ерекше білім беруіне қажеттілігі бар балаларды кәсіптік бағдарлау мәселелері бойынша мектептің өзара іс-қимылын ұйымдастыру
Тәрбиеленушілерге мамандық таңдаудағы жауапкершілікті қалыптастыру, өзін-өзі тану аумағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпарат беру, мамандық таңдауда тәрбиеленушілерге бағыт-бағдар беру мақсатында №2 "Болашақ" арнайы мектеп-интернатының 9,10,11,12 сынып тәрбиеленушілерін Тараз қаласында орналасқан "Dana Del" тігін шеберханасына апарып, арнайы мамандармен кездесіп, тігін тігу саласы бойынша көптеген мағлұматтар алып сонымен қатар тігін цехымен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Тәрбиеленушілер өздеріне керекті сұрақтарын қоя отырып, алған керемет әсерлерімен бөлісті.