Сынып сағаты: "Мамандық таңдау-басты бағдарымыз"
Тақырыбы: «Мамандық таңдау-басты бағдарымыз»
Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өзбейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, слайд көрсету.
Әдіс-тәсілі: пікірлесу, ой бөлісу, ойын ойнау, мағлұматтармен хабардар ету.
Қатысқандар: 10а ,10ә-сыныптар
Сынып жетекшілер: Арғымбекова А.А, Қалданова С.Қ
1) Психолог: Эвальд Фридрихович Зеер «Мамандықты дұрыс таңдау-ол өмір сәттілігінің негізі» деген. Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтар мектеп оқушыларын ойландыратыны сөзсіз. Араларыңызда кейбіреулеріңіз ендігі қандай маман иесі болатыныңызды, қандай бағытта, оқу орында оқитыныңызды анықтаған шығарсыз және де өздеріңіз болашақ кәсіби қызметтеріңізді жақсы білетінде шығарсыз. Дегенмен де өз таңдауыңызды тағы бір тексерген артық етпейді, таңдаған мамандығыңыз шындығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік бере ме, сол жөнінде ойлануға кеш емес. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы. Мамандық-қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандықдегеніміз не? Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі.
- Сыныпта кім қандай мамандық иесі болғысы келеді? Мамандық таңдау-тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейігні өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңыздың іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай-ақ өз мамандығыңның 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөлген жөн.
Мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді?
- ата-ананың ақылы
- достарыңның ақылы
- мұғалімнің ақылы
- қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі
- дарының, мүмкіндігің, қабілетің
- жақын аймақтағы оқу орнының болуы
- жалақысының көп болуы
Сергіту ойыны: «Мамандық магазині» Шеңберге жиналып дөңгеленіп тұрамыз. Бұл жерде магазинді дүкен деп ойлап қалмаңыздар, магазин-мылтықтың оқшантайы, осы сияқты қазір кез-келген оқушыға бір мамандықты айтамы. Келесі оқушы жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын мамандықты айту керек. Мысалы: Мұғалім-механик-кондитер-репортер т.б Осылайша мылтықтың магазиніндей тоқтамастан мамандық атауларын шатаспай айналдырамыз.
Жаңа ақпарат. Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:
- үйренгім келеді
- үйрене аламын
- үйрену керек
Үйренгім келеді-бұл талап-тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі:
Үйрене аламын- қабілет-қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі:
Үйрену керек-еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.
Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.
Қазіргі заманғы жоғары білімі бар маманға қандай талаптар қойылады?
Жауаптар:
- копьютер білу
- бірнеше тілді білу (ағылшын тілін)
- адамдармен қарым-қатынас жасай білу
- өз тауарын, қызметін өткізе білу
- тез шешім қабылдап, бастамашылық жасау
- үнемі білім алуға, қайта оқуға бейінділік
Қортынды: Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңізге ұнаған негізгі бірнеше мамандықтың тізімін жасаңыз. Одан кейін парағыңызды екіге бөліп, оң және кері жақтарын тізіпжазып шығыңыз, сынақ тәсілін жүргізіңіз. Көңіліңізге қонбайтынын сызып тастаңыз. Тізімде 3 пункт қалған кезде тағыда қосымша ой елегінен өткізіп, ең соңғы шешім қабылдаңыз.
Талдау: Осы күннен не алдыңыз? Өзіңіз үшін қандай қортынды жасадыңыз,ойландыратын жағдай болды ма?
Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сіздер де бір-бір маман иесі болып елімізді дамытып көркейтуге үлес қосады деген сенімім мол!