Бос орынға педагогтерді қабылдау бойынша конкурс » «№2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты»»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
«№2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты»»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 34-68-43
Есепші бөлімі:
+7(7262) 34-43-79
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос орынға педагогтерді қабылдау бойынша конкурс
01
сәуір
2024

Бос орынға педагогтерді қабылдау бойынша конкурс

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос/уақытша бос орынға педагог қызметкерлерді қабылдау бойынша конкурс жариялайды.
• Конкурс өтетін мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, 2 "Қаратау" ықшам ауданы, 18 А. Анықтама байланыс телефоны: 34-68-43. 
e-mail: bolashak.internat@yandex.kz
• Конкурс келесі УАҚЫТША бос орынға жүргізіледі: тарих пәнінің мұғалімі 16 сағат (2023-24 оқу жылының соңына дейін)
• Негізгі функционалдық міндеттері "Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" ҚР Білім және ғылым министрінің 13.07. 2009 жылғы №338 Бұйрығымен белгіленген. 
Еңбекке ақы төлеу мөлшерлері: 100000 бастап. Жұмыс кестесі 16 сағаттық апталық жүктеме бойынша 5 күндік жұмыс аптасы.
• Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығында көрсетілген талаптарға сәйкес өтеді.
• Бос жұмыс орындары туралы хабарландыру "Enbek.kz" сайтына жарияланды.
• Комиссия кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды 2024 жылғы 17 сәуір сағат 15:00-де жүргізеді.
• Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 2 сәуірден бастап жеті жұмыс күні ішінде (10 сәуірді қоса алғанда) дейін жүргізіледі.
• Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) №57 бұйрығында 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8 ) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
9-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
• Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
• ЕСКЕРТУ: Осы көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив